Обыр ауруы үкім емес!

Алланың қалауымен ауруымнан айықтым десем болады. Бір жыл сайын толық тексеру­ден өтіп отырамын. Жат елде ем алып жатқан кезімде дәрігерлер менен 5-6 кіші студенттің асқазан қатерлі ісігінен ем алғанын айтқан еді.

Ол да ауруының себебін сол энергетикалық сусынды көп тұтынғаннан көріпті. Сондықтан жастарға әсіресе, балаларға мұндай зиянды өнімдерді алып беруден бас тартыңыз. Кейін оның салдары өкінішпен аяқталуы әбден мүмкін. Сонымен қатар жаман ауруға шалдыққан күннің өзінде оны жеңіп шығамын деген үмітпен күресе беріңіз.

Ауру сізді емес, сіз ауруды басатын рухыңыз болу керек,- дейді обырды жеңген жерлесіміз Р.Асқар. Салауатты өмір салтын сақтану, дұрыс тамақтану, ұйқы режимін дұрыстау, жаман әдеттерден бас тарту – осының бәрі адам ағзасында ұйықтап жатқан обыр жасушаларының оянбауына оң әсерін тигізеді. Орынсыз күйзеліс пен уайым да жаман аурудың ең жылдам қоздырғышы сана­лады. Деннің саулығын, тәннің саулығын ойлаған әр адам өзі үшін жылына бір рет толық тексерістен, қосымша скрининг пен дәрігердің қабылдауынан қалмағаны жөн.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT