Індеттің екінші толқынына дайындық жүргізіле бастады

Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирустың екінші толқынына жол бермес үшін санитарлық талаптарды сақтау шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жалпы елде эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Вирустың репродуктивтік деңгейі 0,93-ті құрап отыр, бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Дегенмен, әлемде және бірқатар шекара маңындағы елдерде эпидемияның тұрақсыздығын ескеріп, біз санитарлық талаптарды сақтау шараларын күшейтуіміз қажет", - деді Мамин үкімет отырысында.

Осыған байланысты, премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың 100 пайыз дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігіне жылжымалы медициналық кешендер мен жедел жәрдем көліктерін, қажетті техника мен жабдықты, жеке қорғану құралдарын сатып алып, оларды 15 қазанға дейін өңірлерге жеткізу міндеті жүктелді.

Сонымен қатар, ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктері әкімдіктермен бірге санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысын күшейтуі тиіс.

"Санитарлық режимді бұзудың кез келген жағдайының жолын кесу қажет", - деді премьер-министр.

Денсаулық сақтау министрлігінің шет елдерден келетін азаматтарды бақылауға алуды күшейтуге қатысты ұсыныстары ведомствоаралық комиссияда қаралатын болды.

Сонымен қатар, Мамин медицина ұйымдары мен дәріханаларда дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарының болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Облыстар мен қалаларда дәрінің бағасына бақылау жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика