Елімізде вирусқа қарсы жаңа маскалар шығарыла бастады

Қазақстандық Qamqor Tech компаниясы израильдік Sonovia компаниясымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында "SONOMASK" атты вирусқа және бактерияларға қарсы көп реттік маскалар өндірісін іске қосты.

Израиль технологиясымен жасалатын ерекше бетперде вирус пен бактериядан қорғап ғана қоймай, оларды жойып жібереді, - деп хабарлайды Egemen.kz Маскалар бірегей патенттелген ультрадыбыстық технология бойынша Назарбаев Университеті жанындағы технопаркте шығарылады. Шығарылған маскалар 99,99% бактерияларды және 98,89% вирустарды жоюға кепілдік береді. Айта кету керек, бұл әлемнің әртүрлі ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының зертханалық зерттеулерімен расталған.

Сонымен қатар, маскалар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Өндірушілердің айтуынша, масканың қызмет ету мерзімі 1 жыл және 100 жуу циклінен кейін де өзінің қасиеттерін жоғалтпайды. Пандемия кезінде "Qamqor Tech" компаниясы озық және бірегей технологияны қолдана отырып, жүздеген адамдардың өмірін құтқару үшін COVID-19 күресіне қатысуға шешім қабылдады.

Бүгінгі таңда израильдік "Sonovia" компаниясының өнімдері Еуропа мен АҚШ нарықтарын қамтиды, өз кезегінде "Sonomask" вирусқа қарсы маскалары ТМД және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарында қазақстандық "Qamqor Tech" компаниясының брендімен ұсынылатын болады. "Бүгінгі таңда инвестиция сомасы 140 миллион теңгеден асады және алдағы уақытта өндірісті жаңғырту, сондай - ақ өндірілетін өнімнің атауын кеңейту аясында көптеген жұмыстар атқарылады", - деп хабарлады компаниядан.

Сондай-ақ, гуманитарлық көмек аясында израильдік "Sonovia" Ltd компаниясы COVID-19-мен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерге қорғаныс маскаларын тапсырды. Сонымен бірге, вирусқа қарсы маскалар Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталыққа және Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың қатысуымен 1-ші қалалық ауруханаға берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521