COVID-19: Индер ауданында 2 адам инфекция жұқтырған

1160 адам амбулаторлық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында 75, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 5 науқастан қауіпті індет анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданының 13, Индер ауданының 2, Қызылқоға ауданының 3, Құрманғазы ауданының 7, Мақат ауданының 2, Махамбет ауданының 3 тұрғынында коронавирус расталған.

Коронавирустық инфекциясы бар 60 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 153 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 1160 адам үй жағдайында, 180 - модульдік ауруханада, 101 - екінші облыстық ауруханада, 98 - фтизиопульмалогиялық орталықта, 162-аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Ал, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 114 науқас дәрігер бақылауында.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта қалып отыр.

ATPress.kz 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика