Covid-19: Атырауда бір тәулікте 3170 тұрғын вакцина алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

29 сәуірдегі дерек бойынша, 3170 жергілікті тұрғын "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентін алды. Оның ішінде-131 медицина қызметкері, 282 педагог, 56 полиция қызметкері, 26 студент, 72 жабық мекеме қызметкері, 487 құқық қорғау органдарының қызметкері, 108 мемлекеттік қызметкер, 17 созылмалы аурумен ауыратын адамдар, 1991 жергілікті тұрғын бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 29 сәуір аралығында "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентімен 25 782 адам вакцинацияланды. II компонентпен 6461 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен баруы қажет.

Өңірде барлығы 36 стационарлық және жылжымалы егу пункттері ашылды, олардың ішінде "BAIZAAR" сауда орталығы, "Дина" базарында және Атырау қаласының әкімдігінде, сондай-ақ, Атырау облысының әкімдігінде пункттер бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521