Ауданда өткен тәулікте тағы 2 адам індет жұқтырған

Атырау облысында өткен тәулікте 11 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 7-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Жылыой, Құрманғазы аудандарынан – 1 , Индер ауданынан – 2 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 4-еуінде ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтіп жатыр. Өткен тәулікте инфекциялық стационарда ем алып жатқан 2 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 108 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 31 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 28 адам ем қабылдауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521