Жүк ауыр, талап жоғары

Мемлекет басшысы Жолдауда білім саласын жақсарту жайын да айтты.

-Сондықтан мен алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есе арттырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысын 25 пайызға өседі деген сөз,-дегенді Нұр-Сұлтан қаласында өткен білім және ғылым қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясына қатыса отырып тыңдап едім.

Міне, Жолдауда да білім саласын жетілдіруге байланысты нақты тапсырмалар беріліпті. Шынында да мұғалімдер жалақысының 4 жылда екі есеге артуы; бес күндік жұмыс аптасына көшу мәселесі; «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы қабылданатыны; мұғалімдерді аттестациялау жүйесіне мемлекеттік қызметтегідей тест тапсыру үлгісі жасалуы; Ұлттық бірыңғай тест жүйесіне де өзгерістер енгізілетіндігі - мұның бәрі уақыт талабынан туындап отыр. Заман талабына сай сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін бұл бастамалардың қай - қайсысы да құнды деп санаймын. Ұстаздарға да артылар жүк ауыр, қойылатын талап та жоғары. Олар Қазақстанның болашақ ұрпағын ілім-біліммен қаруландырады.

Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегі лайықты бағалануы керек деп есептеймін. Ол үшін ұстаз да бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжып, көздеген мақсатқа жету жолында ізденіп, шығармашылығын дамыту қажет.

Гүлайым ЖАҢБЫРБАЕВА,

аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика