Индер аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі студенттеріне арналған 100 орындық жатақхана салынуда.
Жалпы алаңы 1914,1 шаршы м2 құрайтын жатақхана 4 қабаттан тұрады. Индер аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Бибігүл Маженованың айтуынша, облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен іске асып жатқан құрылысқа 535 млн 097 мың теңге қаржы бөлінген. Ол жұмысты «Ақ жол құрылыс» ЖШС жүргізіп жатыр. Құрылысы 2020 жылы аяқталатын жатақханаға бірінші кезекте басқа аудан мен ауылдық жерлерден келген әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары қабылданады. Мұны айтқан Индер аудандық ауыл шаруашылығы колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанболат Хамитов тізімнің әлі пысықталатынын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, аталған оқу орнының бұрынғы жатақханасы осыдан бірнеше жыл бұрын тұрғындарға баспана ретінде жекеге беріліп кеткен болатын.
Ақмарал БОКИРОВА.