Өнертапқыштар өзара бәсекелесті

Жақында облыстық білім басқармасының Индерборда өткізген облыстық әуе, зымыран, кеме, көлік құрастыру сайыстарының салтанатты ашылуында облыстық білім беру басқармасы әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Зина Изтелеуова қатысушыларға сәттілік тілеп, жеңімпаздардың республикалық сайыста Атыраудың намысын қорғайтынын жеткізді.

Жеті аудан мен қаладан келген өнертапқыштардың ізденістерін танытқан жарыста индерліктер мен жылойлықтардың ізденістері өзгелерден басым көрінді. Сөйтіп, бірнеше топқа (тағы қосымша бали, автрасса) жатқызылған көліктердің арасынан оларды құрастырған индерлік Алихан Меңдіғалиев, Дамир Ғазизов, Дамир Әділ, жылыойлық Тілеуқұл Ахмет, қызылқоғалық Ақан Дәулетияр, атыраулық Мақсат Ұзақаев үздік шықты.

Жарыс соңында қазылар алқасы жеңімпаздар мен қатысушыларға сыйлықтар ұсынып, оны облыстық білім басқармасының өкілі Зина Ізтелеуова алғыс айта отырып, құрметпен әрқайсысына табыстады. Сөйтіп, армандары асқақ шәкірттердің білімдерін ұштап қоймай, техникалық кәсіптерге қызуғушылқтарын арттыруда таптырмас сынақ алаңы болған жарыс көптеген оң тәжірибені де танытып өте шықты.

Толығырақ «Дендер» газетінің 8 мамырдағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT