Индерлік мұғалім облыстық «Цифрлы ұстаз» байқауының жеңімпазы атанды

Атырауда «Цифрлы ұстаз» байқауы қорытындыланды

"Байқау қорытындысымен
Индер ауданындағы Шоқан Уәлиханов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайырбек Кенжеәлиев бірінші орынды жеңіп алды" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.


«Атырау - Ақпарат» медиахолдингінің директоры Ысқақ Егембердиев байқауға қатысушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен және бүгінгі жеңістерімен құттықтады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, алғаш рет өткізілген байқауға ұстаздардың қызығушылығы өте жоғары болды. Атырау облысы әкімінің қолдауымен өткен байқау келер жылы да жалғасын табады, деді Ысқақ Егембердиев.

Байқауға облыс бойынша 25 педагог қатысып, олардың арасынан келіп түскен жұмыстардың он тоғызы қазақ тілі, төртеуі орыс тілі және екеуі ағылшын тілінде қорғалған болатын.

Өтініш білдірген педагогтардың 74,5 пайызы шарттарды толық орындаған.

Ұсынылған бейнероликтер бойынша, үздік үштік анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Бірінші орынға Индер ауданындағы Шоқан Уәлиханов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайырбек Кенжеәлиев лайық деп танылды.

N16 Атырау қалалық лицейінің мұғалімі
Раушан Саргужиева мен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің мұғалімі
Жауhардария Ерсайынова екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.


Жеңімпаздарға ноутбук, планшет пен смарт телефондар сыйға берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521