Индерде 615 оқушы компьютермен қамтылды

Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес 2020-2021 оқу жылында Индер ауданы мектептерінің барлығы қашықтан оқу форматында басталмақ.

Осыған орай аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Шарбану Сабированың берген мәліметі бойынша, тиісті жұмыстар нәтижесінде 295 отбасынан 615 оқушыға компьютер қажеттілігі туындаса, олар толықтай мектеп теңгеріміндегі компьютер, моноблок, ноутбук, планшеттермен  уақытша қолхатпен қайтарым арқылы пайдалануға беріліп, қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, 206 отбасынан 388 оқушының интернет желісін пайдалануға мүмкіндігі жоқтығы анықталған. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасының балаларына жалпыға міндетті білім қорынан қаржы қарастырылып, интернет желісін қосуға, толассыз ғаламтормен қамтамасыз ету үшін модем, интернет желісі тартылмаған жерлерге роутерлер қондыру шаралары ұйымдастырылып, «Қазақтелеком» АҚ-мен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіп жатқандығын жеткізді.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT