Қазақстанда оқушылардың оқу және каникул мерзімдері бекітілді

Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілгендігін хабарлайды Sputnik.kz сайты.

Бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

Құжатта 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мерзімдері айқындалды.

2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі;

оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы,

2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 (12) – сыныптарда:

 күзгі каникул – 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығында), 

қысқы – 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында),

 көктемгі – 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығында).

Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан күшіне енеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT