2023-2024 оқу жылы: Атыраулық түлектерге 1500 грант бөлінді

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 2023-2024 оқу жылына арналған жетекші жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға құжаттар тапсыру туралы:
 
– Қабылдау уақыты: 2023 жылғы 13-20 шілде аралығы;
 
– Құжат тапсыру «Электрондық үкімет» порталы және жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы өтеді;
 
– Конкурсқа ҰБТ-дан және жалпы конкурс нәтижелері бойынша шекті балл жинаған үміткерлер қатыса алады;
 
Шалғай өңірдегі талапкерлерге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс жасайды; (виртуалды кеңесші бейнебайланыс арқылы кеңес береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі).
 
Жоғары оқу орындарының Виртуалды қабылдау комиссияларының тізімі мына сілтеме бойынша қолжетімді:http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/vazhnaya-informatsiya-dlya-uchastiya-v-konkurse-prisuzhdeniya-obrazovatelnogo-granta-2023-goda-/
 
2023 – 2024 оқу жылына арналған жетекші жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Атырау облысына 1500 грант бөлінді.
 
Оның ішінде:
 
Педагогика ғылымдары – 283;
 
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 49;
 
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 561;
 
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 607;
 
Гранттар тізімін мына сілтеме бойынша алуға болады:http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/vazhnaya-informatsiya-dlya-uchastiya-v-konkurse-prisuzhdeniya-obrazovatelnogo-granta-2023-goda-/spisok-obrazovatelnykh-grantov-bakalavriat/

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT