Жоғарғы лигада өнер көрсетеді

Мәдениет, өнержәне спорт саласында аудан атын республикалық дәрежеде қорғап жүрген жастарымыздың қатары көп болуы көңіл тоғайтады. Солардың бірі ретінде «Индер құрамасы» жайдарман тобын атап өтуге болады.

  Индерлік топ бүгінде республикалық ойындарының үздіктері қатарында. Олар жуырда Астана қаласында өткен «Маусымашар» фестиваліне барып сәтті өнер көрсетті. Сонымен қатар «Жоғарғы лига» ойындарының іріктеу сайысына да қатысып, алдағы айлардың бірінде өтетін «Jaidarman Top» жоғарғы лига ойындарына жолдама алып, қуанышқа кенелтіп отыр.


   Сайыс өте тартысты болды. Елдің әр түкпірінен келген командалар жолдама үшін бақ сынасты. Іріктеу ойындарына барлығы 32 команда қатысқан болса, соның 8-не ғана жолдама берілді. Қазылар алқасы құрамында белгілі журналист, тележүргізуші Нұрсұлтан
Құрман, Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен және жайдарман ойындарының бас редакторы Рамазан Фаилов болды. Шешім шығарар кезде толқу болғаны рас, артынша «Индер құрамасы» жоғарғы лигада өнер көрсетеді деген кезде мойынымыздан ауыр жүк түскендей болды. Еңбек еленіп, сенім ақталғанына қатты қуандық. Бір қызығы, бізді көпшілік есімімізбен емес, «Индер» деп танитынына таңқалатынбыз. Бірақ бұл аудан атын шығарудағы қосқан еңбегіміз деп білдік. Осы орайда аудан жастарын қолдап, сенім артқаны үшін аудан әкімі Дарын Шамұратовқа өз алғысымызды білдіреміз,- дейді команданың белді ойыншысы Айбол Әнтепов.


  Айта кетсек, «Индер» құрамасы былтырғы жоғарғы лига
ойындарының қатысушылары. Жерлестерімізге алдағы уақыттарда сәттілік тілейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521