Жоғалып табылған

Сағым... Жайқалған көктемдегi көк майса, Каспийдiң желсiз күнгi толқынындай елес бередi көзге.

Өркеш-өркеш құмдар сағыммен иiн тiрескен. Сол сағыммен шағылдың қақ ортасында қызу еңбек. Бұл еңбек иелерiмалшылар қауымы. Биiк шағылдың ортасында жазғы қоныстағы үш үй. Қыстай қыстақтары қашықтықта, қолдары тигенде сирек қатысатын, жаз жайлауда шұрқырасып қосылатын. Үш жылдан берi жаз жайлауда табысқан жаны да, малы да аралас-құралас. Менiкi, сенiкi деп санаспай ретi келгенде бiрiнiң шаруасын бiрi iстей беретiн. Қос екi малшының бiрi-Ахат Сапаров болса, екiншiсi ауылдасы, әрi құрдасы Нысанғали Сағынов болатын. Ал, үшiншiсi көршi облыстың малшысы- Мирам Мұханов едi. Үш үйдiң малдары қоралас, өздерi аралас-құралас жататұғын.

...Түс кезi қоныстас үш үйдiң төрт баласы астаудағы суды бiр-бiрiне шашып, ойын алаңымен өзгенi аңғарар емес. Бар ойы ойында. Балалар өздерiмен өздерi мәз-майрам. Ойнап жүрген балалардың үстiне құдық басына оншақты киiк келе қалады. Сәбилердi баласынды ма үрiкпей келiп астаудағы судан iше бастады. Балалардың алды бес жастағы Мирамның ұлы Боран су iшiп жатқан киiкке қарай беттедi де қалған үшеуi сескенiп үйлерiне қашады. Құралай көз түз тағысы баланы, баласынғандай. Боран жақындаған сайын тентек болсаң қайратым осы дегендей алдыңғы аяғын бiр тебiнiп қойып, астаудан басын алар емес. Боран қызық көрдi ме шетте су iшiп әп-әдемi томпиған, көз жанары мөлдiреп, дос болсаң, достыққа жараймын дегендей, кiшкентай лаққа бiрталай тамашалап тұрды да, қолын созып жақындай түседi. Лақ та астаудың екiншi жағына секiрiп түседi де суын iше бередi. Ал Боран болса, қолын созып лаққа таянып келгенде, үйiренiп қалғандықтан ба маңдайынан сипаған Боранға лақ қозғалар емес, суын iше бередi. Ал басқа киiктер Бораннан сескену деген бұлай тұрсын «дос» болдық деген сияқты еркелеп, баланың сәбилiк сезiмiн қытықтап, оятқандай.

Сәлден соң суға қанған киiктер қозғалып өз мекендерiне кете бастады. Боран да олардың соңынан ере түседi. Ерген сайын киiктер де баласы қалған сияқты, қуып жеткенше тосып тұрады. Сөйтiп бес жастағы Боран киiктiң қызығымен ауылдан қашық кеткенiн де сезбей қалады. Қайдан бiлсiн, ақыл тоқтатпаған жас сәби. Құс қарадан үрiккен киiктер текiрекке салып біртіндеп құдық басынан ұзай бередi. Бала да сәлден соң шаршап, денесiне әлi келмей құлайды. Биiк шағыл, айырық қомды түйенiң екi өркешi сияқты, күн қызуы мен құм қызуы ұштасып, баланың демiн қыса түскендей.

...Ымырт жан-жақ қара көлеңкеленген. Шағыл бойындағы ауыл у-шу, iңiрдегi дауыс әуенi басым болғандықтан ба, малдардың кешкi дауыстары бiр-бiрiне ұштасып, кешкіғұрымғы үн де өзгеше бір бөлек дауыс бар сияқты. Шағылдан түскен бiр қора қой соңында Ахат. Бұл уақыт келiншегi де шыдамсыз күтiп отырған кезi едi. Суық жүрiспен алдынан шыққан келiншегiнен секем алған Ахат:

-Жай ма, не болып қалыпты, сонша ентiгiп?!

-Жай болатын ба едi, әлгi баласы түскiр түстен жоқ.

-Кiм, Боран ба?

-Ия. Мiне, өрiстен шаршап келген Ахаттың естiгенi.

-Мен, әкесiне хабар берейiн, сен жан-жаққа хабарла, мүмкiн көршi-көлемде жүрген шығар,-деп аулада тұрган «Москвичiне» мiнiп Ахат совхоз орталығына кеткен Боранның әке-шешесiне тартады.

...Ал, бұл кезде Боранның көзi семiп, қызыл құмның iңiр қараңғысындағы қоңыр салқынның самал желiнiң лебi дем бергендей көзiн ашады. Жан-жағына алтақ-жалтақ қарайды, ешкім жоқ. Құмдағы таза ауаның әсерi ме, әлсiреген денесiне дем бергендей, денесi шымырлап жандана бастайды да, түрегелiп солғын басқан денесiне әзер-әзер ие болып, екi аяғы сүйретiле басының ауған жағына жүре бередi. Түнгi ащы дауыстар. Самал желдiң лебi мен қимылдаған шөп бастарының нәзiк дыбысы, жәндiктердiң гуiлдеген үндерi жас сәбидiң перiштесiне қуат бергендей алға қарай жылжи түседі. Бұл уақытта Ахаттар да совхоз орталығынан оралып iздеуге шыққан едi. Шопан ауылы екi күн бойы дүрлiгуде. Машинамен жүргенi машинамен, ал Ахат атымен iздеп шыққан едi. Ахат өзi бiлетiн қораның бәрін аралап шықты. Бiрақ бала жоқ.

Күннiң көзi шақырайған талтүс. Денеде шаршау да шөлдеу де бар. Аттан түсiп дем алып отырған Ахат денесiне ине кiргендей селк ете түседi. Көмескi iз, екi аяқтың сүйретiлгенi сияқты iз көз алдында. Жан-жағын байқаса жалғыз күшiген екi қанатын қомпитып, жалпиып отыр. Ахат та соған қарай аяңдап, мiнiс аты да бiрдеме сезгендей екi аяғын тебiнiп пысқыруын үдете түседi. Iз де әр жерден бiр көрiнiп, тегiн емес екенiн Ахат та сезедi. Жалпиған алып бүркiт сияқты iрi күшiген екi аяғын талпынып қанаттарын самғап, мекенiм аспан дегендей, жерден биiктеп көтерiле бередi. Ахаттың көзi ұясынан шығып кеткендей ойпаттау жерде жартылай құмға көмiлiп жатқан баланы көредi.

Мiне екi күн iздеп, сөйтіп Боранды өмiрiнiң соңғы секундында табады. Үйге көтерiп әкелiп, дәмі таусылмаған сәбидiң, домбыраның үзiлейiн деп түрған нәзiк қыл шегiндей үлпiлдеп тұрған жас жүрек соғуын үдетiп, жас өмiр жалғасып кетедi.

Себекбай ҮМІТҚАЛИЕВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

(Болған оқиға ізімен)

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика