Кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Маусымашар-2022» республикалық фестивалі аясында «Жайдарман» ойындарының маусымашарында әр өңірдің чемпиондары бақ сынасты.
“Чемпиондардың лигасында” өнер көрсеткен ауданның “Индер” командасы облысымыздың намысын қорғап, 16 команданың арасынан үздік шығып, чемпион атанып кубокқа ие болды. 2008 жылдан бастап «Жайдарман» ойындарында өнер көрсетіп жүрген олар осы уақытқа дейін түрлі лигаларда жүлделі орындардан көрінген еді.
– 2019 жылдан бастап «Көңілді тапқырлар алаңы» ойындарында өнер көрсетіп, биылғы жылы «Жайдарман» ойындарына қатысып жатырмыз. Жалпы, ойын өте тартысты әрі қызықты өтті. Әр облыстың жүйріктері бір арнаға тоғысып, осы уақытқа дейінгі еңбегімізді халыққа ұсынуға тырыстық. Нәтижесіне өзіміз де, бізді қолдаған жандар да қатты қуанып отыр. Бұйырса, алдағы ойындарға дайындықты бастаймыз дейді,- қуанышты кейіппен команда ойыншысы Айдос Тәженов.
Жадыра НАРИМАНОВА