ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС БАСТЫ НАЗАРДА

Кез келген күрделі әлеуметтік құбылыс сияқты сыбайлас жемқорлыққа да нақты анықтама беру мүмкін емес. Оған берілген алғашқы анықтама құқық саласына жатады. Сыбайлас жемқорлық деп нені санауға болатындығы әр елдің өз қылмыстық заңдарында өзінше анықталған. Сыбайлас жемқорлық түсінігі – ақшаға сатып алу және саяси қайраткерлерді, мемлекеттік шенеуніктерді, лауазымдық тұлғаларды сатып алу дегенді білдіреді. Яғни, біреуді ақшамен немесе басқа да материалдық құндылықтармен сатып алу. Құқықта corrumpere түсінігінің мағынасы – жалпылап айтқанда сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, параға сатып алу және сот процесінде заңсыз әрекеттенуді білдіреді. Нәтижесінде сот процесіне немесе қоғамдағы істерді басқару процесіне бөгет болатын, бірігіп әрекет жасайтын (екі адамнан кем емес) тұлғалардың әрекеті деген түсінік пайда болады. Ғылыми, оқу және қоғамдық публицистикалық әдебиеттерден сыбайлас жемқорлыққа әртүрлі анықтама алуға болады. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде сыбайлас жемқорлық пара беріп, сатып алу, лауазымды тұлғалардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.

Сыбайлас жемқорлық бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы. Сыбайлас жемқорлыққа: парақорлық, непотизм (жеке байланыстар немесе өз адамдары негізінде туысқандарын пайдалы орындарға немесе лауазымдарға орналастыру) және жеке бас мүддесі үшін мемлекет қаражатын иемдену кіреді.

Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы – коррупция. Коррупция термині латынша бұзу, сатып алу деген мағына береді. Заң энциклопедиясында бұл терминге лауазымды адамның өзіне сеніп тапсырылған құқықтар мен мүмкіндіктерді бас пайдасына жұмсайтындығын көрсететін саясат немесе мемлекеттік басқару саласындағы қылмыстық әрекет деп анықтама берілген.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды қадамы. Оның мемлекеттің бәсекеге қабілеттігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні анық. Осыған орай, басқармамызда Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлер арасында дөңгелек үстел, жедел кеңес және семинар сабақтары жиі өткізіліп тұрады.

 

  •  
  •                                                                             С.Исалиева,
  •                                                                             Индер ауданы бойынша
  •                                                                 Мемлекеттік кірістер
  •                                                                 басқармасының бөлім басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521