Халықаралық Жастар күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығында «Дендер додасы» атты интеллектуалды ойын өтті.
Ойынның мақсаты – жастар арасында мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, жастардың ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге үйрету болып табылады. Сонымен жастардың қызығушылығын танытқан интеллектуалды ойын карантин талаптарына сәйкес, екі команда арасында ойнатылды. Жалпы бес кезеңнен тұратын тартысты ойын нәтижесінде «Үштік одақ» пен «Эверест» тобы қызықты ойын көрсете білді.
Ойын соңында аудандық жастар ресурстық орталығы директорының уақытша міндетін атқарушысы Жадыра Нариманова танымдық, патриоттық, тарихи және ғылыми сынды түрлі сұрақтар төңірегінде сайысқа түскен топ мүшелеріне сұрақты мұқият тыңдауды, көп сөз бен артық қимыл жасамауды, жауапты қысқа да нұсқа, нақты беруге үйренуді үлгі етті. Ойын соңында қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Диас АЙБАР