Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға айрықша мән берді. Бұл – уақыт талабы. Өйткені жасанды интеллект (ЖИ) бүгінде білім, ғылым, өндіріс және қызмет көрсету салаларында кеңінен қолданылып, адам еңбегін жеңілдететін қуатты құралға айналып отыр.
Аудан мектептеріндегі ұстаздар да жаңа технологияларды тиімді пайдаланып, оқу процесін заманауи деңгейге көтеруде. Мысалы, мұғалімдер сабақта ChatGPT, DALL·E, Canva AI секілді платформаларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, білім сапасын жақсартып келеді.
Президент атап өткендей, «жасанды интеллектінің жаңа дәуіріндегі басты қозғаушы күш – білімді, жаңашыл жастар». Сондықтан бұл бағыттағы бастамалар мен «Qazaq Digital Mektebi» жобасы – еліміздің цифрлы болашағына жасалған нақты қадам.
Жасанды интеллектіні дұрыс меңгеру арқылы біз білім сапасын арттырып қана қоймай, озық елдердің қатарына қосылуға мүмкіндік аламыз.
Жадыра Нариманова
тілші