2020 жылдың маусым-тамыз айларында мектеп оқушыларының демалыс кезінде қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін жасөспірімдердің суға шомылатындығы белгілі. Алайда шомылу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білседе дұрыс сақтамайды.
Осыған байланысты, суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау капитаны А.Ишангалиев және Индер аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының инспекторлары болып «Жайық» өзенінің бойына рейдтік іс-шара өткізіліп ата-аналарына және жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді, яғни белгіленбеген жерге суға шомылуға және жасөспірімдердің ата-аналарынсыз суға баруға болмайтындығы түсіндірілді.
Құрметті Аудан тұрғындары жаз мезгілінің келуіне байланысты, балаларыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, Жайық өзеніне бармауларын, көшедегі бұралқы иттерден сақтануын, көп қабатты үйлердің терезелерінен абай болуларын, бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бүлдіру т.б фактілердің алдын алып, ескертіп түсінік жұмыстарын жүргізу сұралады.
Г.Кубашева
Индер ауданы ПБ-і ЖПҚнің ЮПТ-ның
аға инспекторы полиция майоры