Жаңа бағдаршам орнатылуда

Индербор кентіндегі автокөлік қозғалысының ең көп тоғысқан тұсы Қ.Тұхфатов – Ш.Уәлиханов – Г.Шамин көшелерінің қиылысына жаңа бағдаршам орнатылуда.

Аталмыш қиылыс бүгінде кенттің негізгі автокөлік артериясына айналғаны белгілі. Әсіресе, екінші дәрежелі жол саналатын Г.Шамин көшесімен күре жолға шығу соңғы кезде қиындап кетті. Ерсілі-қарсылы өтіп жатқан көлік қатынасының көптігінен жүргізушілер жол кезегін күтіп қалуға мәжбүр болатын. Ал бастысы бұл қиылыс орталық базардың маңында орналасқандықтан жаяу жүгіншілердің қозғалысына қауіпті болатын. Осы орайда бұған дейін ауданда өткен түрлі жиындарда тұрғындар бағдаршамның қажеттілігін көтеріп жүрген.

Индербор кентінің әкімі Асхат Аймұратовтың айтуынша, құны 6 млн теңге тұратын жаңа бағдаршам соңғы үлгіде жасақталған, күн қанша шақырайып тұрса да оның жарығы анық түседі. Әрі онда секундпен өлшенген уақыты көрініп тұрады. - Қазір жол салушылармен, тиісті орындармен нақты орны келісіліп, жұмыстары басталуда, - деді кент әкімі А.Саламатұлы.

Айта кетейік бұл кенттегі Д.Қонаев – Тайсойған көшелерінің қиылысынан кейінгі қойылып отырған екінші бағдаршам.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT