Қызылжар, Ақтан ауылдарының кірме және ішкі жолдарының құрылысы басталды

Индербор кентінен 40 км шақырымда орналасқан Қызылжар және Ақтан ауылдарының 3 км болатын кіреберіс автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше қазіргі уақытта мердігер «Атырау жолдары» ЖШС жолын тегістеп, құм төсеу жұмыстарын атқаруда. Жөндеу жұмыстарын маусым айында бастаған мердігер мекеме қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отыр . Жарсуат ауылдық округінің әкімі Балахметов Алифолла Хабиболлаұлының айтуынша, аталған жұмыстар жүйелі жүргізіліп, сапалы орындалуы күнделікті қадағаланып отыр. Айта кетейік, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41 адам жұмысқа орналасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521