Ұлттық байқаудан Тілекқабыловтар жүлдемен оралды

Республикалық "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауында Атыраулық ұстаздар династиясы Тілекқабыловтар әулеті бас жүлдені жеңіп алды!

Әулеттің арқасүйері Төлеш Тілекқабылов – 1933 жылы Индер ауданының Құрылыс ауылында дүниеге келіпті. Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған ардагер - аға бүгінде арамызда жоқ. Алайда, ол еккен ізгілік ұрығы күн санап жетіліп, өркен жайып келеді. Төлеш аға осы өңірдегі Құрылыс, Қазбек жетіжылдық мектептерінде орталау білім алған. Кейін 1950-1952 жылдары Гурьев мұғалімдер институтында, 1952-1963 жылдары Орал педагогикалық институтында оқып білімін толықтырыпты. Еңбек жолы өзі өскен Қазбек ауылындағы жетіжылдық, кейін Өрлік орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып басталған. Сол кездегі елдегі қиыншылық заманның салдарынан ауыл мектептерінің жай-күйі өте төмен болатын. Оның үстіне орталау білім беретін мектептерді замана талабына сай толық білім ордасына айналдыру күн тәртібінде тұрған. Ол кездерде алыс қыстақтардан жиналған малшы балалары Жарсуаттағы жатақта жатып оқитын. Олардың барлығын қазына үйіне орналастыру үнемі мүмкін болған жоқ. Өз ісіне шексіз берілген ұстаз Төлеш Тілекқабылов осындай қиын кезеңде балалар мен ата-аналарына демеу болып, қолдан келер көмегін аямапты. Тіпті көптеген шәкірттерін өз үйіне алып жан-жақты білім алуларына ықпал еткенін бүгін замандастары аңыз қылып айтады.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика