ТЫҢ ЖОБА КҮТЕМІЗ

ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ. БҰЛ БАҒЫТ ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ АТСАЛЫСАТЫН КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ЖАҢА ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ НЕГІЗДЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА. ОСЫ МАҚСАТТА 2025 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕК ПЕН 15 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ОСЫ ТІЗІЛІМГЕ ТІРКЕЛУ ҮШІН ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ. ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл пайда табумен қатар, қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге бағытталған бизнес түрі. Мұнда басты мақсат – коммерциялық табыстан бұрын қоғамға пайдалы нәтиже беру. Бұл, әсіресе, халықтың осал топтарына қолдау көрсету, инфрақұрылымға қолжетімділік, әлеуметтік қызмет көрсету сынды салаларда ерекше маңызды.

КІМДЕР ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕР БОЛА АЛАДЫ?

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар тіркеле алады (ірі кәсіпорындардан басқа). Тіркелу келесі төрт санат бойынша жүзеге асырылады: *әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамтитын кәсіпкерлер (мүгедектігі бар тұлғалар, көп балалы аналар, зейнеткерлер, жетімдер, пробация есебінен шыққандар және т.б.); *осал топтардың өнімдері мен қызметтерін сатуға ықпал ететін кәсіпкерлер; * ә л е у м е т т і к қ ы з м е т көрсететін кәсіпкерлер (медицина, білім беру, оңалту, инфрақұрылымға қолжетімділік, т.б.); *қоғамдық маңызы бар қызметпен айналысатын кәсіпкерлер (отбасы мен балаларды қорғау, мәдени-ағарту, экология, гериатриялық көмек көрсету және т.б.).

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЙДА ТАПСЫРУ КЕРЕК?

Құжаттар Атырау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы арқылы қабылданады: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77-үй, 3-қабат, 303-кабинет. Байланыс телефоны: 8 (7122) 35-43-44. Айта кетерлігі, құжаттар талаптарға толық сәйкес болуы тиіс. Құжаттар толық болмаса немесе дұрыс рәсімделмесе, өтінім кері қайтарылады.

ТІРКЕЛУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ АЗ ЕМЕС

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері ретінде танылған кәсіпкерлер бірқатар мемлекеттік қолдау түрлеріне ие бола алады. Атап айтқанда: *мемлекеттік бағдарламалар арқылы гранттар мен субсиди - ялар алу мүмкіндігі; *салықтық және қаржылық жеңілдіктер; *әлеуметтік жобалар мен мемлекеттік сатып алуларда артықшылықты қатысу. Әлеуметтік кәсіпкерлікке деген қызығушылық Индер ауда - нында да байқалуда. 2024 жылы ауданымыздан "Тіл ашар" жеке кәсіпкерлігі атынан Бақтыгерей Гүлзираш құжаттарын тапсырып, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері тізіліміне енгізілді. Осы мәртебе аясында кәсіпкер 5,0 млн теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант иеленіп, өз кәсібін кеңейтіп, әлеуметтік бағыттағы жұмысын жандандыруда. Бұл – мемлекет қолдауын тиімді пайдаланып, қоғамға нақты пайда әкеліп отырған кәсіпкерліктің жарқын үлгісі. Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл жай ғана бизнес емес, қоғам үшін пайдалы іс. Мұндай кәсіпкерлік қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайтуға, жұмыссыздықты төмендетуге және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Индер ауданы кәсіпкерлері үшін бұл өз бизнесін дамыта отырып, аудан тұрғындарының игілігіне үлес қосатын бірегей мүмкіндік. Сондықтан кәсіпкерлерімізді белсенділік танытып, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелуге шақырамыз.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін біздің бөлімге жүгіне аласыз.

А.ҮМІТҚАЛИЕВА,

Индер аудандық кәсіпкерлік,

өнеркәсіп және туризм бөлімінің

басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT