Қазақстан халқы қашанда түрлі ұлт өкілдеріне әрдайым құшағын аша білген. Қазақтың даласындай көңілі дархан, пейілі кең болғандықтан, ешбір ұлтты алаламай, қазақ ұлтынан кем көрмеген. Бір үйдің адамдарындай араласып-құраласып, ешкімнің үйретуінсіз үйлесім таба білген халықтар жарасымды тұрмыс кешіп келеді.
-Сол игі дәстүр қазіргі Қазақстанның да салиқалы саясатының өзегіне айналды. Қоғамымыздың дамуының шешуші факторы саналатын бейбітшілік пен келісім біз мекен ететін елде берік ұстаным екені аян. Бұнда әрбір ұлттың дамуына жағдай жасалып жатыр ғой. Осындай пейілі кең елде өзімнің өмірлік жарымды кездестірдім. Қазіргі таңда мен 4 баланың анасы атанып, еліміздің өркендеуіне өз еңбегімді қосып жүрмін.
Ешкім бізді кеудемізден итермей, керісінше бауырына басып, бізге көптеген мүмкіншіліктер жасалуда. Осындай елде тұрып жатқан әрбір жан бақытты. Қазақ еліне әрқашан алғысым шексіз. Алдағы уақытта еліміз тек өркендеп, алар асуларды бірге бағындыратынымызға сенімім кәміл.
Зоя БАТЫРОВА,
татар ұлтының өкілі
фото дереккөзден алынды