Тәуелсіз елдің ұланымыз

«Балдәурен» бөбекжай-бақшасының «Балапан» ересектер тобында Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Шараның мақсаты: Тәуелсіздік туралы түсінік беру, ту, елтаңба, әнұран жайында мағлұматтарды одан әрі бекіту, тәуелсіздік батырларын құрметтеуге тәрбиелеу, тақпақтарды, өлеңдерді дұрыс айта білуге машықтандыру. Шара барысында бізге тәуелсіз ел болу бақытын сыйлаған батырларымызға, Желтоқсан құрбандарына 1 минут үнсіздікпен тағзым етті. Адина, Айша, Аңсар, Айнагүл, Шұғыла есімді кішкентай бүлдіршіндер «Тәуелсіз ел ұраны», «Елтаңбасы елімнің», «Балдәурен-гүлдәурен» өлеңдерінен үзінділер жаттап айтты. Балаларға Тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік қалыптастырып, батырларды насихаттауға үйретіп, осындай керемет мерекелік шара ұйымдастырған «Балапан» ересектер тобының тәрбиешілері Абшекенова Лейля Есімқызы мен Утенова Райхан Қожахметқызына ата-аналар атынан алғысымызды білдіреміз! Еңбектеріңіз жемісті болып, ақылды шәкірттеріңіз көп болсын!

 

«Балапан» ересектер тобының ата-аналары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT