Индер ауданының шежіресін хаттап, мемлекет саясатын насихаттаудағы 90 жылдық еңбегін бағалау мақсатында аудан тұрғындары арасында “Дендер” газетінің 90 жылдығына орай 1934 жылдан шыға бастаған "Социалистік мал шаруашылығы", қысқартып "СМШ"- дан тараған сәуле" атты шығармашылық байқау қорытындыланды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы аясында өткен байқауға тұрғындар белсенділік танытты.
Нәтижесінде 1 орын Амантай Бағытқа бұйырды. Сүйеу Халықов 2орын, Сағынтай Керешов пен Досмұханбет Сатыбалдиев 3 орынға ие болды.
Жеңімпаздарға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Анаргүл Дюсубалиева аудан әкімінің Дипломын, Алғыс хаттары мен қаршылай сыйақы табыстады.
Ж.Нариманова