Шежіре шертілген шақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы бастамасына орай Наурыз мейрамы аясында әр күнге тақырыптық атаулар бекітілгені белгілі. Айталық, 16 наурыз – «Шежіре күнінде» аудандық ардагерлер кеңесінде “Ардагерлер - тұнған шежіре” атты кездесу өтті.

Бұл шараға ардагерлермен бірге бір топ Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері қатысты. Кездесуді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Нұриев ашып, шараның маңызына тоқталды.

fb_img_1616156122490

- Бүгінгі кездесуге өмірлік тәжірибелері мол ардагерлер мен жас толқынның басын қоса отырып, атаулы күн туралы тереңнен сыр қозғауды жөн санадық. Шежіре дегеніміз - тарихи жылнама, дерекнама, тарих. Туыстас, бір руға тән ұрпақтардың таралу жолы; рулық, туыстық кесте. Былайша айтқанда көнекөз, көп білетін білгір деген мағынаны білдіреді.

Кезінде І.Жансүгіров атамыз “Көп жасаған көнемін ... Шежіре болып талайға. Мен талайдан келемін ... Тарих дейтін шал болам ” деген екен. Осы атамыздай болайық, - деген тілегін жеткізген ол 93 жыл тарихы бар ауданымыздың өткені мен бүгініне тоқталып, біраз мәліметтер берді.

fb_img_1616156116128

fb_img_1616156110079

Ауданымыздан 4 мемлекет және қоғам қайраткері, 3 Совет Одағының Батыры, 1 Данқ орденінің толық иегері, 16 Социалистік Еңбек Ері, 5 мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 5 Қазақ КСР - інің еңбек сіңірген мұғалімдері, 14 Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкерлері, 1 Қазақ КСРінің еңбек сіңірген қайраткері, 3 Қазақ КСР -інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері, 3 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері шықты. Сөз жоқ бұл шежіреге бай ауданның келешек үшін де берері көп екенін айғақтай түседі.

fb_img_1616156091262

Кездесуге қатысқан Индер ауданының құрметті азаматы, Қазақ КСР кәсіптік -техникалық білім беру саласының үздігі Қ.Қапиз, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Қ.Ғабсаламов, ардагер –ұстаз Б.Нұрсұлтанова өмір деректерінен біраз мағлұмат берді. Колледж студенттеріне қажетті мамандық меңгеру бағытында да ілкімді істердің жасалып отырғаны да баса айтылды. Бұл турасында мемлекеттік дәрежеде арнайы жоспар жасақталып отырғаны да белгілі. Мамандық таңдау, оны қадірлеу жайы әңгіме арқауына айналды.

fb_img_1616156102457

Ұстаз-ақын Қ.Қапиз жақында шыққан “Сағым жылдар ” атты кітабыннан 5 өлеңін оқыды. Өнерпаздар Ө.Нұрмағамбетов, Ж.Алмашев жиналғандарға әсем әндерін арнады.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT