"ШАШУДЫҢ" ШАШУЫ

  •             Би – халық мұрасы. Адамның көңіл күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышынан туатын өнер. адамға әсер ететін өмір құбылыстарының барлығы дерлік бидің толық болмысына айналады. бүгінде би падишасы шара Жиенқұлованың ізін қуған өнерпаздар аз емес. Ауданымызда жыл санап би өнерпаздары арта түсуде. Себебі өнердің қай түрін болса да дамыту үшін барлық жағдай жасалған, мемлекет
    тарапынан да қолдау бар.  
  •             Солардың бірі –«Шашу» үлгіліби ансамблі.Халықтың рухани байланысысаналатынби өнерін дамыту мақсатында 2002 жылы«Есбол-Мәдениет» мемлекеттіккоммуналдық қазыналықкәсіпорын жанынан «Шашу» биансамблі құрылған. Би ансамбліқұрылған жылынан бастаптұрақты жұмыс жасап келеді.Құрамында кіші топ, үлкен топжұмыс жасайды. 2019 жылданбастап ансамбль құрамы ұл балалармен толыққан. Осындайұлттық бояуы, нақышы бар өнерұжымын би өнеріне Әсел Омартәрбиелеп келеді. Ансамбльдіңбағдарламасында 25-тен аса шығармалар, әр ұлттыңбилерімен қоса қазіргі заманбилері де бар. Құрылғалы беріби тобы аудан орталығындағы,облыстағы көптеген мәденикөпшілік шараларға белсенеқатынасып келеді.
  • whatsapp-image-2022-07-29-at-10_09_31
  •             «Шашу» би ансамблі отандық сахна ғана емес, Ресей, Әзірбайжан мемлекеттерінде өткен байқауларда оза шауып, би арқылы қазақ мәдениетін насихаттап келе жатқан ұжым. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министррі Дәурен Абаевтың 2022 жылдың 4 мамырындағы No117 бұйрығына сәйкес ансамбльге «Үлгілі» атағы берілген еді.
  •             Өнер ұжымының 20 жылдық мерейтойына таяуда «Би әлемі» атты шығармашылық кеш өтті. Ринат Сейтешов пен Әлия Кенжеахметова жүргізген шара арнайы композициялық қойылымнан бастау алып, қазақ биі «Жайранмен» жалғасын тапты.            Алдымен Есбол ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ерболат Сабиров сөз сөйлеп, қимыл-ырғақпен жеткізетін би өнеріне балаларды тәрбиелеп, 20 жыл бұрын ауылда ешқандай үйірме жоқ уақытта өнерлі балаларды дайындап, аудан, облыс ғана емес, шетелдің сахналарында дипломант атанып үлгерген «Шашу» үлгілі би ансамбліне алғысын білдіре келе, ұжымды 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.          «Шашу» үлгілі би ансамблі көрермендеріне «Биші қайың», «Дала өрнегі», «Қарындаштар биі», «Дала сазы», сонымен қатар украин билерін ұсынып, көңілді кештің нүктесін «Жайдарлы жастар» биімен қойды.
  •             Шығармашылық кеште аудан өнерпаздары да өз өнерлерін ортаға салып, халықтың ыстық ықыласына ие болып, өнердегі достықтың әдемі өрнегін көрсетті. Рафаэль Бөжекенов «Мерекем – сен!», Жеткіншек Бакишев пен Әлия Кенжеахметова «Уақыт», «Армандайық», Ұлықбек Оңдасынов «Ән махаббат», «Көршінің қызы», Амандық Салаханов «Жақсылық жасап жарысайық», Нұрлыбек Қабдрахманов «Ұнатамын мен сені», Сайран Түсіпқалиев «Түнгі сыр» әндерін әуелетсе, индерлік «Әсем-ай» үлгілі би ансамблі (жетекшісі Әсем Изтаева) қазақ биі «Жайна», «Хорезм», «Кәріс» билерін мың бұрала билеп, көрерменнің қошеметіне ие болды.
  • whatsapp-image-2022-07-29-at-10_09_30
  •             Шара соңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева мәдениетімізді мәңгілік, өнерімізді өрістетіп жүрген ансамбльге ризашылығын білдірді.           
    – Ансамбльдің репертуары бай, эстетикалық талғаммен құрылған әрі билері қойылған. Аудан ғана емес, облыс мақтанышы болып түрлі сахналарда өнер көрсетіп жүр. Бұл өнердің артында үлкен тәрбие жатыр. Би жетекшісінің өзі талапшыл, білімді, жан-жақты жетілген маман. 20 жылда «Үлгілі» атағын алып, кішкентай ғана ауылдан түлеп ұшып, баланы өнерге бейімдеп үйретудің өзі – үлкен еңбек,-дей келе өзінің атынан алғыс хат табыс етті. Ал, біз «Шашу» би ансамблінің алар асулары әлі алда екеніне сенеміз.


Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ,
Есбол ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT