- Бүгін Қазақстанның елордасында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрі – ШЫҰ) мүше мемлекеттер бас прокурорларының 20-шы мерейтойлық отырысы өтті.
- Оның жұмысына Қырғыз Республикасының, Ресейдің, Тәжікстан мен Өзбекстанның бас прокурорлары, сондай-ақ онлайн форматта Қытайдың Жоғарғы халықтық прокуратурасының Бас прокуроры, Үндістанның Бас Солиситоры және Пәкістанның Қосымша Бас прокуроры қатысты.
- Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов отырысты аша отырып, аймақтағы трансұлттық қылмысқа қарсы күреске бағытталған шараларды талқылау жөніндегі беделді сараптамалық алаң ретінде өзін таныта білген ұйымның рөлін атап өтті.
- Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау сөз сөйледі.
- Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин өз сөзінде адам құқықтарын қорғау және қазіргі заманғы сын-қатерлерге ден қою мақсатында қадағалау органдарының арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
- Кездесудің негізгі тақырыбы қылмыстық активтерді қайтару кезіндегі тәжірибемен алмасу, озық практикаларды және проблемаларды талқылау болды.
- Трансұлттық экономикалық қылмыс қауіпсіздікке қол сұғып қана қоймай, сонымен қатар қаржы жүйелерінің тұрақтылығына, ашықтығына және тиімділігіне нұқсан келтіретін жаһандық қауіп болып табылатыны атап өтілді.
- Халықаралық сарапшылардың деректері бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басқа елдермен сауда айналымындағы жыл сайынғы айырмашылық шамамен 675 миллиард АҚШ долларын құрайды.
- Бұл ақша ағындарының бір бөлігінің қылмыстық мақсаттарға, оның ішінде терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға бағытталуы жоққа шығарылмайды.
- Осы тұрғыда Қазақстанның Бас Прокуроры қылмыстық капиталды елге қайтару туралы өзінің тәжірибесімен бөлісті.
- Атап айтқанда, ол әріптестерін Қазақстан Президентінің Жарлығымен құрылған, өзі басқаратын Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметі туралы хабардар етті.
- Берік Асылов атап өткендей, қылмыс жыл сайын біздің елдердің экономикасына орны толмас залал келтіруде. Тек тығыз өзара іс-қимыл мен бірлескен жұмыс мұндай сын-қатерлерге еңсерілмейтін тосқауыл жасай алады.
- Шри Тушар Мехта Үндістанда трансұлттық экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар туралы айтты.
- Қытайдың Бас прокуроры Чжан Цзюнь отырысқа қатысушыларды қылмыстық жолмен алынған және шетелге шығарылған активтерді өндіріп алу мәселелері бойынша ҚХР-да қолданылатын тетіктер мен құралдар туралы ақпараттандырды.
- Сондай-ақ осы саладағы ресейлік тәжірибе туралы Бас прокурор Игорь Краснов айтып берді.
- Тәжікстанның Бас прокуроры Юсуф Рахмон қылмыстық жолмен алынған және шетелге аударылатын ақшалай қаражат пен басқа да құндылықтарды заңсыз шығарудың жолын кесу бойынша шаралар туралы баяндама жасады.
- Қырғыз Республикасының Бас прокуроры Құрманқұл Зулушев пен Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры Нигматилла Юлдашев шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздестіру және қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың жұмысы туралы айтып берді.
- Талқылау шеңберінде делегаттар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының әріптестігін арттыру және трансұлттық экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша тиімді жұмыс жасау үшін коммуникацияны жақсартудағы күш-жігерді біріктіру қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді.
- Іс-шараның қорытындысы бойынша бас прокуратуралардың басшылары жымқырылған активтерді қайтару бойынша одан әрі өзара іс-қимыл және озық тәжірибе алмасу жөнінде басым міндеттерді айқындайтын отырыстың хаттамасына қол қойды.
- Хаттамаға қол қойылғаннан кейін Берік Асылов халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.
- Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының отырысы туралы
- Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 397
