Индербордың С.Сейфуллин атындағы орта мектепте орналасқан № 121 сайлау учаскесінде референдум таңғы 07.00-де Қазақстанның Гимні орындалып ашылды. Аталған учаскелік сайлау комиссияның төрағасы Райхангүл Қорғанбаева дауыс беру тәртібімен түсіндірді. Учаскеде дауыс беру талаптарға сай жабдықталып, бюллетеньдермен қамтылған. Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалған. Үйден дауыс беруге өтініш қалдырған азаматтар үшін тасымалданатын жәшіктер дайын тұр. Бұл сайлау учаскесі бойынша 901 сайлаушы тіркелген. Ал мұнда әзірге үйден дауыс беруге ешкім өтініш білдіре қоймапты. Бірінші болып дауыс берген тұрғындар арнайы сыйлықтарға ие болды. С. Сансызбайұлы
Референдум басталды
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 263
