Редакцияға хат!

"Алматыдағы жазушыдан ауылдағы тілші артық" деген жазушы Әзілхан Нұршайықовтың сөзіне құлақ түрсек қоғам қаншалықты дамығанмен газет  өміршеңдігін жоймайтынын уақыттың өзі дәлелдеп келе жатыр. Өйткені әлеуметтік желідегі сақау жазбалар халыққа толық та дәл ақпарат бермейтіні анық. Сондықтан да байсалды басылым әркез оқырмандарын төрге шығарып, авторларын құрмет тұтады. Әлі күнге редакцияға бума хаттар келіп тұрады.

Айталық 6 айда  газеттің хат бөліміне – 330 хат келсе, оның 130-ы тілші-авторларымыздан.  Басым бөлігі Индербор кенті мен ауылдардан. Сондай-ақ көршілес Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан және Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Махамбет аудандарымен қатар Алматы, Астана, Орал, Атырау, Көкшетау, Астана қалаларынан да жедел жеткен хаттар бар.

Осы орайда, әрдайым өмірден көргені мен түйгенінің тәлімін көпшілік оқырманмен бөлісуге асығатын аға буын өкілдері мен жас тілшілердің есімдерін мақтанышпен айтуға болады. Алдымен ерекше атап өтетініміз, Президент Қ.Тоқаевтың Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы, түрлі саяси  оқиғалар туралы жаңалықтар оқырмандарымыз тарапынан кеңінен қолдау тапты. Нәтижесінде бұл тақырыпқа қолдаухат жолдағандар қатары көп болды. Оның ішінде «Білім беру ісінің үздіктері» Қабижан Қапиз, Бақыт Қарекешова, Амантай Бағыт, Бисен Аталық, Көкшетаудан ақын желесіміз Серік Жетпісқалиев, ардагер журналист Кеңес Сахи, Сүйеу Халықов, зейнеткер Сағынтай Керешев сынды аға буын өкілдерінің есімдерін бірінші кезекте атауға тиістіміз.

Сонымен қатар, ауыл тіршілігін бұқара халыққа жеткізуде Аққаладан Гүлнафис Есқалиева, Есболдан Айсауле Боранғалиева, Анелла Набиден сынды жас тілші-авторларымыз да бар.

Міне, қазір екінші жартыжылдыққа жазылу қызу жүріп жатыр.

Сол үшін де сіздерден хат күте отырып, төл газетімізге жазылудан қалыс қалмаңыз демекпіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521