Құран жарысы өткізілді

Алла тағаланың үйі саналатын аудандық «Әйіп қажы» мешітінде құран жарысы өткізілді.

Дәстүрге айналған бұл сайыс биылғы қасиетті Рамазан айында да өз жалғасын тапты. Екі түрлі сыннан тұратын оған барлығы 34-ке жуық бақсынаушы қатысып, оларға имамдар Ералы Қамзағалиев, Рысбай Құраш, найб имам Ерлан Сағынов төрешілік етті.

Нәтижесінде, киелі кітаптың сүрелерін мақамына келтіріп мәнерлеп оқудан 25 қатысушының ішінен Орынбасар Иса бірінші (50 мың), Нұрсұлтан Нұржанов екінші (40 мың), Абылай Дәуітов үшінші (30 мың), ал құранның 30-шы парасын жатқа айтудан 9 сайыскерден Әбілқайыр Жұбанов бірінші (100 мың), Серікболсын Төлегенов екінші (70 мың), Жігер Рахметуллин үшінші (50 мың) орындардан көрініп, Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлыққа ие болды. Бұл сайысқа жеке кәсіпкер Қазбек Талғатұлы демеушілік көрсеткен.

Қасиет тұнған Құранның хадисінде «Сендердің жақсыларың Құранды үйренгендерің және оны үйреткендерің» делінген екен, яғни сайыс қатысушыларының саны жылма-жыл арта берсін. Оны жаттап өскен жастың жаман әдеттен аулақ болатыны ақиқат.

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT