Прокуратура қолұшын созды

Мен – 1989 жылдан бері Индербор кентінің тұрғынымын. Кешегі Кеңес кезеңінде салынған қос қатарлы тұрғын үйге келіп тұрған газ желісінің тиісті талапқа сай тартылмағаны бертін келе белгілі бола бастады. Салынғанына 35 жыл уақыт болған тұрғын үйдегі газ желісінің тозығы жетіп, иістену қаупі пайда болды. Жағымсыз иістің денсаулыққа да кері әсері бар екені белгілі ғой. Өзім І топ мүгедегімін. Жағдайымды айтып, газ мекемесіне, аудан әкімдігіне, Индербор кенті әкімдігіне, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімге хабарласып, көмек сұраған едім. Алайда аталған мекемелер ден еш қайран болмады. Ойлана келе аудандық прокуратураға хабарласып, жағдайымды түсіндіріп айттым. Аудан прокурорының көмекшісі Сайран Әліпбаев мәселеге түсіністікпен қарап, мәселенің лезде шешілуіне араласты. Мүмкіндігі шектеулі жанның өтінішін қанағаттандыра білген аудандық прокуратураға сол үшін ризамын.

 


Қабес ҚАПАРОВ,
Индербор кентінің
тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521