Патриотты әндер байқауында жүлделі

Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұловтың туғанына 100 жыл толуына орай, Атырау қаласы Балықшы жастар шығармашылық орталығында облыстық патриоттық әндер байқауы өтті.

Ән байқауының негізгі мақсаты - жастарымыздың патриоттық сезімін тереңдете түсіп, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған елдің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Екі айналымнан тұратын бұл байқауға қала аумағынан жалпы 15 өнерпаз қатысып, сайысқа түсті.

Әділ қазы алқасының шешімімен Индер ауданының намысын қорғаған «Индер-Мәдениет» КМК әншісі Рза Нұрмағамбетова жүлделі ІІ орын иегері атанса, Есбол ауылдық округі мәдениет үйі әншісі Амандық Салахан алғыс хат иеленді. Жүзден жүйрік шыққан патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және диломмен марапатталды.

Г.ИГІЛІКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT