ӨНІМДІ ОБЛЫСТА АЛҒАШ БОП ЖИНАДЫҚ

Егінімен халыққа танылған индерлік Қалығыз Искайрованың «Владимир» шаруа қожалығы өнімдері бітік шығып, облыста алғаш боп көкөніске аузымыз тиді.

Қожалықтың егін алқабын құрайтын 50 га жердің биыл тек 15 га қауын, 5 га қарбыз еккен. Ал қалған жер келер жылы пайданылмақ. Себебі, диқаншылар егіндегі егістік жерлерін ауыстырып, демалдырып жүзеге асырады. Қазіргі таңда қожалықтың қарбыздары пісіп, алғашқы өнімдерін беріп жатыр. Бұл әрине, қара жердің қыртысын айналдырған шаруалардың жетістігі. Құлашын кеңге жайған қожалықтың басы-қасында жүргін егінші Саша Кокойдың айтуынша, көкөніс жинау ісіне осыдан бір апта бұрын кіріскен.

-Ұлтым – кәріс. Қазақстан жеріне келгеніме жиырма жылдан асты. 1998 жылы отбасын құрдым. Әуелі жылдары отбасымызбен Жарсуат ауылында егін сала бастадық. Ол жақ құм болғасын ба әйтеуір егін жақсы шықпады. Ал бұл жерге келгенімізге 10-15 жыл болды. Мына жақ саз болғандықтан егінім бітік шығып келеді. Қазіргі кезде алғашқы өнімімізді Атырау қаласындағы сауда нүктелеріне де арзан бағада жеткізіп отырмыз,-дейді облыста жергілікті шыққан өнімдердің көшін бастап тұрған қожалық егіншісі.

Қалай дегенмен де диқандардың көкөніс өсіруде өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, мұнда бақша дақылдары алғаш дәнді наурыз айынан бастап арнайы ыдыстарға отырғызып алып, кейін жапырақтары шыға бастағанда жерге көміп, жел, салқыннан қорғау үшін қос целлофанмен қаптайды екен. Уақтылы суарылып, күтіп-бапталған өнім ерте пісіп, міне, өз нәтижесін беріп отыр.

e

Бұл шаруашылық 28 маусым күні облыс бойынша алғашқы өнімін халыққа ұсынған болатын. Сондай-ақ бұл күні көктоғайлық "Шаңырақты" ШҚ-ғында қауын пісіп, саттыққа шығарылды.

Әр теңгені маңдай терімен, қажырлы еңбегімен тауып жүрген Саша мен Қалығыз отбасы үшін қазір жауапты кезең - өнімді жинау науқаны басталып кетті. Ал ұлдары Владимир көкөністерді сатумен айналысады. Сондай-ақ оның қол астында тоғыз мигрант еңбек етіп жүр. «Егіннің жайын еккен білер»-демекші, егін шаруашылығының қыр-сырын жетік меңгерген шаруагерлер болашақта шаруашылығының өрісін кеңейтсем деген арманы бар екен. Бірақ бұл қажырлы еңбек пен зор қолдауды қажет ететіні сөзсіз. Жалпы Жайықты жағалай қонған ауданымызда егіншілердің қатары да, егіннің көлемі де көбейіп келеді.

Айталық, биыл аудан бойынша 48 шаруа қожалығы 1460 гектарға егін егіпті. Оның 470 га.-картоп, 450 га.-көкөніс, 330 га.-екпе шөп, 30 га.-жеміс-жидекті құрайды.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT