“Talaptan Quiz” — білім мен бәсекенің алаңы!

Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, “Дендер” жастар қоғамдық бірлестігі мен Индер аудандық Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен “Talaptan Inder” жобасы аясында жастар арасында интеллектуалды “Talaptan Quiz” ойыны жоғары деңгейде өтті!

6 кезеңнен тұрған бұл тартысты сайысқа Индер ауданының білімді де алғыр жастарынан құралған 18 команда қатысып, логикалық тапсырмалар мен танымдық сұрақтарға жауап беріп, өзара бақ сынасты.

Quiz жүргізушісі - Азаматов Нұрлан – «Ораторлық өнер» мектебінің жетекшісі, «Қазақша Quiz 1000» жобасы бойынша Қазақстан рекордтар кітабының кейіпкері. «Қазақша QUIZ», «Binom QUIZ», «Ūstaz QUIZ», «KPI QUIZ» жобаларының авторы.

🏆 Ойын нәтижесінде:

🥇 1-орын – 5G (Жарсуат ауылы) 100 000 теңге қаржылай сыйлық және дипломмен;

🥈 2-орын – Хомо Сапиенс (Индербор кенті) 80 000 теңге қаржылай сыйлық және дипломмен;

🥉 3-орын – Есбол жастары (Есбол ауылы) 60 000 теңге қаржылай сыйлық және дипломмен;

🏅4 орын - toQAIYP (Өрлік ауылы) 40 000 теңге қаржылай сыйлық және дипломмен;

🏅5 орын - Акимат қайда қарап отыр?!( Индер ауданы әкімі аппараты) 20 000 теңге қаржылай сыйлық және дипломмен марапатталды.

Барлық қатысушы командалар алғысхаттармен марапатталды.

А.Сидегалиева,

«Дендер» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT