Мен Президенттің биылғы жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдадым.
Жолдауда елдің дамуы, экономика мен білім саласын жақсарту туралы маңызды мәселелер айтылды. Әсіресе жастарды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және білім сапасын көтеру туралы бастамалар көңіліме ұнады. Бұл ұсыныстар еліміздің болашағын жарқын етуге көмектеседі деп ойлаймын.
Сонымен бірге жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылдық аймақтарды дамыту және цифрландыруға баса назар аударылды. Мұның бәрі заманауи талаптарға сай келеді. Мен еліміздің алға жылжуына әр азамат өзінің үлесін қосуы керек деп санаймын. Президент жолдауда көрсетілген міндеттер жүзеге асса, Қазақстанның болашағы бұдан да жақсы болады.
Айнур Ибатуллина
жас маман
                                    
            
    
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
