Заман талабына сай, өте маңызды қадам

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі бастамалары – заман талабына сай, өте маңызды қадам деп білемін. Бүгінде әлемнің дамыған елдері ЖИ технологиясын барлық салаға енгізіп, үлкен нәтижелерге жетуде. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде жасанды интеллектіні білім беру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларына енгізу жоспарланып отыр. Бұл – біздің өңір үшін де үлкен мүмкіндік.

Мысалы, ауыл шаруашылығында ЖИ арқылы ауа райын болжау, егістік өнімін есептеу, малды бақылау сияқты жұмыстарды жеңілдетуге болады. Индер ауданында да жастар жаңа технологияларды меңгеріп, цифрлы сауаттылығын арттыруда. Осындай бастамалар жас ұрпақтың ел дамуына өз үлесін қосуына жол ашады.

Президенттің жаңашыл көзқарасын қолдай отырып, жасанды интеллектіні дамыту арқылы Қазақстанның болашағы жарқын боларына сенемін.

Аружан Қайратқызы

студент

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT