Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген біз сияқты шаруалар үшін ерекше мәнге ие болды. Мемлекет басшысы аграрлық секторды дамытудың нақты жолдарын атап өтті.
Бұл бағытта ең алдымен ауыл еңбеккерлерінің еңбегін бағалау, жаңа технологияларды енгізу, су үнемдеу жүйелерін жетілдіру мен өңдеу саласын дамыту маңызды деп санаймын.
Индер ауданы – мал және егін шаруашылығына қолайлы өңір. Сондықтан Президент ұсынған ауыл шаруашылығын цифрландыру, жасанды интеллект пен заманауи агротехнологияларды енгізу бастамасы біз үшін өте өзекті. Бұл еңбек өнімділігін арттырып, жас мамандардың ауылда қалуына да ықпал етеді деп сенемін.
Жолдаудағы тапсырмалар ауыл өмірін жақсартып, шаруалардың тұрмысын көтеруге бағытталған нақты қадамдар деп білемін. Еңбек адамдары бұл міндеттерді орындауға өз үлесін қосады.
Ғабит Қуанов
жеке қожалық иесі

