Бүгін Есбол ауылдық округінде аудан әкімдігінің қолдауымен «Қазпошта» АҚ Индер аудандық бөлімшесі және ауданық «Дендер» газеті редакциясы бірлесіп келер жылға баспасөзге жаздыруды ұтымды ұйымдастыру мақсатында оқырмандар күні ұйымдастырылды.
Бір кездері аудан орталығы болған ауылда аудандық газет тұңғыш рет басылып шыққаны тарихтан белгілі. Соданда болса керек оқырман қауымға басылымнан өмірінен сыр шертетін құнды құжаттар мен газет тігінділерінің көшірмелері көпті елең еткізбей қоймады десек болатындай. Ауданық «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин арнайы көрмемен таныстырды.
Ауыл тұрғындары Саламат Шүйінішқалиев, Қайыржан Меңдіғали, Қайырғали Жұмақұлов, Қалам Есқалиев атындағы орта мектептің директоры Русалан қанатов, ауылдық округ әкімі Асхат Тілекқабыл көрме тарихының ұрпақ үшін берер тағылымы мол екенін атап өтті.
Оқырмандар арасында алғаш болып аудандық «Дендер» газетіне 1 жылға жазылған зейнеткер Айсұлу Андакуловаға «Қазпочта» АҚ Индер бөлімшеінің директоры Нұргүл Ғаббасова сыйлық ұсынып, белсенділігіне ризашылық білдірді. Сонымен қатар оқырмандар арсында лотерия ойнатылып, жеңімпаздар түрлі байрақтарға ие болды. Осы күні 25 оқырман өздері таңдаған басылымдарға жазылды.
Аудандық мәслихат депутаты Елдос Құлғалиев ауылдағы тұрмысы төмен отбасылары мен зейнеткерлерді барлығы 15 тұрғынды аудандық газетке 1 жылға тегін жаздыруға ұйытқы болды.
С.КӨШЕКОВ