Неке заңдылықтары туралы не білеміз?

Жуырда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының басшысы Алмагүл Туремуратова өңірлік баспасөз алаңында брифинг өткізіп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кооррпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалымен көрсетілетін азаматтық хал актілерін тіркеу бағыты бойынша  ақпарат ұсынды.

 

Азаматтық хал актілері – адамды дараландыратын және оның құқықтары мен міндеттерінің туындауымен, болуымен және тоқтатылуымен байланысты болатын заңдық тұрғыдан ресімделген мән-жайлар.

 

Филиалмен АХАТ бағыты бойынша төмендегідей мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі:

  1. тууды мем тіркеу
  2. неке қиюды мем тіркеу
  3. неке бұзуды мем тіркеу
  4. қайтыс болуды мем тіркеу
  5. аз хал акті жазбаларын қалпына келтіру
  6. аз хал акті жазбаларын жою
  7. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер, анықтамалар беру
  8. Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)

 

Туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу (соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды қоспағанда) тіркеуші органдарда осы Кодексте белгіленген мерзімдерде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Бала асырап алу және әке болуды анықтау оқиғалары мен фактілері тиісті өзгерістер, толықтырулар енгізу арқылы тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасында көрсетіледі. Соттың шешімі бойынша некені бұзу неке қию  туралы акт жазбасында оған некені бұзу туралы белгі қою арқылы көрсетіледі.  

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Атырау облысы бойынша 2024 жылдың 1 тоқсанында 12674 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

Неке қиюды мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.

 

        Некеге отыру  туралы өтініш тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін он бес күн бұрын беріледі.      

      Неке жасы ер адамдар мен әйел адамдар үшін он сегіз жас болып белгіленеді.  Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты болуына) жол берілмейтін адамдар

      Некелесуге:

      1) бір жынысты адамдардың;

      2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың;

      3) жақын туыстардың;

      4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың;

      5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521