Нақты істер айқындалды

[09:43, 04.09.2020] Акмарал дендер сайт: Мемекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимы кезеңі" атты Жолдауын жұрт асыға күткені шын.

Қазіргідей алма-ғайып кезеңде көптің көкейінде жүрген сауадардың түйінін шешу үшін еімізде алдағы уақытта не істеледі, қандай қарекет қолға аынатынынажауап бергендей болды. Бұл Жолдаудың жариялануы биылғы жылдың өзіндік қиындығымен тұспа-тұс келіп отыр. Оның зардабы бірте-бірте жойы-лады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше іргемізге ауыз салған індеттен түбегейлі құтылу үшін 2 жылдай уақыт қажет екені айты-лып келеді. Мәселеге тереңнен үңілген Президент тоқмейілсуге болмайтынын айрықша атады. Қазіргі таңда нақты іс-әрекет қылу жолында бірлесіп іс атқаруға шақырды. Шыны керек індет тарай бастаған сәтте ел Үкіметі мен аймақ басшылары қиындықты еңсерудегі жұмыстарды бәсеңсітіп алды. Айна-лып келгенде көптеген жағымсыз фактілер пайда болды. Президенттің нақты тапсырмалар беруінің арқасында жағдай тұрақталып келеді. Ендігі жерде әр адам өз денсаулығы үшін өзі күресуі қажет, оған мемлекет толық жағдай жасап, қоғамның басты байлығы адам тағдырына бей-жай қарауға болмай-тынын нықтап берді. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында ерекше екпін түсіре атағаны «Отбасы-демографиялық жағдай. Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы сәби сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнаманың көрсеткішіне сәйкес, қазақстандықтардың 20 пайызға жуығы бұны ажырасудың айтарлықтай себебі деп есептейді. БҰҰ-ның Орталық Азиядағы көршілерімізбен салыстырғанда Қазақстан халқының өсіміне бол-жамы көңіл көншітерлік емес. Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын ба-стауды тапсырамын. ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту керек», - деуінде үлкен мән жатқандай. Сәби сүйе алмаған, әке мен ана бақытына бөлене алмаған жандар қаншама? Басқасын айтпағанның өзінде, аудандық соттың берген мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері неке бұзу жөнінде 42 өтініш түссе, соның ішінде 28 отбасы ажырасып тынған. Билер кеңесінің шешімімен 2 отбасы, медиация тәртібі бойынша 9 отбасы сақталған. Сәбидің болмауының бір шеті отбасының ыдырауына әкеліп соқтырып отырғанын Президент те растап отыр.

Ендеше айтылған міндет мінсіз атқарылар болса, көптеген шаңырақ сәби шаттығына бөленері сөзсіз. Уақыт талабы ұдайы жетіліп отыруды қажет етеді. Бұрын 3 адам атқаруға тиіс жұмысты бұл күнде 1-ақ адам өзі атқара беретін жағдайға жетті. Тағы бір айта кетерлігі, кешегі пандемияның әсерінен көптеген жұмыс орындары онлайн қызмет көрсетуге көшкені белгілі. Ешқандай жұмыс ақсап қалған жоқ. Тек ниет болса болғаны. Осыған қарап-ақ мемлекеттік аппаратты қысқартуға бо-латыны және бұл жүзеге асыруға қажетті жұмыс екені айтылды. Осыған байланысты, Мемлекет бас-шысы квази мемлекеттік сектор қызметкерлері мен мемлекеттік орган штатын қысқарту жұмыстары жүргізілетін болды. Тек айтарымыз, білікті ма-мандар сыртта қалып, біліксіздер алға озып кетіп жүрмесе болғаны дейміз. Өйткені бармақ басты, көз қысты қарекет қай жерде де табылары анық. Тыңнан түрен салып, нақты қадамдарға бастай-тын, мемлекетті алға жылжытатын саяси қызмет саласын жетілдірудің де уақыты келгендігін баса айтты, яғни айтқанда, ауыл әкімдерін таңдауды халықтың өз қалауларына беру қажеттігіне айрықша тоқталды. Мемлекет басшысының сөзінше «Бұл са-яси реформалар халықтың басқару жүйесіне бел-сене араласуына бағытталуы тиіс. «Қазіргі сауална-малар көрсетіп отырғандай, қоғам ауыл әкімдерінің сайланғанын қалайды», - деуі тегіннен тегін емес. Осы орайда Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау жүйесін толығымен зерделеп шығу қажеттігін атап өтті. Келесі жылы бірқатар ауыл әкімінің құзыреті аяқталады. Меніңше, ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу керек», - деу арқылы айтылған бастама таяу жылдары жүзеге асырылатыны айқындалып тұрғандай. Яғни, ел сенімінен шыға білетін іскер азаматтар әкімдік қызметке келуге жол ашылады.Жылдар бойы жинаған қаржысының қызығын көру мәселесі жұрт арасында көптен айтылып жүрген бастама еді. Көптің көкейінде жүрген осы-нау мәселені Президент дөп басып өзінің нақты тапсырмасын берді. Жолдауда Президент «Менің тапсырмам аясында зейнетақы жинағын пайда-лану мәселесі пысықталды. Бұл қазір өзекті болып тұр. 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинақтың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге жұмсай алады», - деуінде үлкен мән жатыр. Осы салымшылардың арасында индерлік азаматтар да бар екені даусыз. Баспана құрылысына жауапты бөлім келтірген мәліметке сүйенер болсақ, аудан бойынша әртүрлі санатта 1325 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Сайып келгенде жарнадан жиналған қаражат олардың ба-спана мәселесін шешуге де жол ашады. Денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелер биыл анық көрінді. Жетпестіктер анықталды. Ендігі жерде аза-маттар өз жинақ қаржыларын емдеу-сауықтыру ша-раларына жұмсай алады.

Көптің көкейінде жүрген тағы бір мәселе– жер мәселесі де Жолдауда арнайы сөз болды. «Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген морато-рий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатыл-майды. Бірақ үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуі тиіс. Аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет», -деп айрықша атады. Жермен тиімді жұмыс істеу механизмдерін жетілдіру қажет. Үнемі жерасты қазба байлықпен күнелтем деу бекершілік екенін уақыттың өзі дәлелдеп беріп отыр. Ежелден ауыл шаруашылығымен айналысқан ел үшін мұның өзі зор демеу екені айдан анық. Аудандық жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысы Ардақ Үсенқызының айтуынша, ауданда жермен жұмыс жасағысы келетін шаруагерлердің қатары жыл сайын ұлғайып келеді екен. Биылғы жылдың 8 айының өзінде жер кодексінің арнайы талаптарына сай конкурстық негізде 137 мың 75 га құрайтын жер телімі шаруа қожалықтарына ұзақ мерзімге жалға беріліп отыр. Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарының иелігінде 377 мың 261 га жер телімі бар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалана алмай отырған шаруа-герлер де бар. Айталық, өткен 2018-2020 жылдар аралығында 20 участоктегі 47 мың 688 га жер мем-лекет меншігіне кері қайтарылған көрінеді. Түсінген адамға жермен жұмыс оңай болмағанымен оның несібесі де ұланғайыр екенін осы саланың кәнігі мамандары жақсы біледі. Сайып келгенде, Жолдау сөзден іске көшетін уақыттың келгенін тағы бір мәрте айқындап берді. Ендігі жерде Мемлекет басшысы қойып отырған талап үдесінен шығу –ортақ міндет.

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521