Нұржамал - «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды

Еңбегі ерен жандар әрқашан құрмет құшағында. Солардың бірі – Индер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкері Жекенова Нұржамал Серікбайқызы.

Жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскерге шақырту, ұйымдастыру жұмыстарында абыройлы еңбек еткен оны ұжымдастары құрметті зейнет демалысына шығарып салды. Ол 1978 жылдан бастап күні бүгінге дейін осы салада қызмет атқарып келеді. Ұжымдағы 43 жыл бойы әріптестер арасында сыйлы болып, саланың дамуына зор үлесін қоса білді. Еңбегі ескеріліп, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қосқан зор үлесі үшін 20 жыл мерекелік медалімен, облыс, аудан әкімдерінің түрлі мақтау қағаздарымен марапатталған. Зейнеткерлікке жеткен кезінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Кадрлар департаменті бастығы, генерал-майор Л.Әлшекеновтың «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

 

Н.НӘСІПҚАЛИЕВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521