МИЗАМ ШУАҒЫНДА "ЖАНСЕБІЛДІҢ" ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

  • Базартөбе ауылдық округіне қарасты Қадырқұл ауылында жас ақын Абылайхан Мақсотовтың «Жансебіл» атты алғашқы жыр жинағының тұсауы кесілді. Алғашқы деудің де сыры бар, осы шағын кітаптың шығуына басты қолдау білдіріп, демеу болған «Рухтастар» тобындағы жырсүйер апа-ағалары жас ақынның бірнеше кітапқа жүк болатын сырға толы өлең жазатынына сенімді.
  • Айтыс аламанында да шабыттанған шақтарында қарсыласқа дес бермей айтысатын, оңаша қалғанда жырдан сыр іздеген Абылайханның өлеңдерін әлеуметтік желілерден оқып, риза болып отыратын аталмыш топ өкілдері көктем айында жас ақынның тырнақалды туындыларын жарыққа шығаруды ұйғарыпты. Нәтижесінде, «Шұғыла Принт» баспасынан шыққан ауыл баласының жыр жинағы, міне, жүз дана болып оқырманға жол тартты.
  • Айтулы күннің құрметіне Қазақстан Журналистер одағының мүшелері Талап Таймасұлы. Асан Темір Қаршыға, тележүргізушілер Тәтті Өтеғалиева, Ардақ Мұратқызы, Надежда Хабиболлақызы, өзге де жырсүйер қауым Қадырқұл ауылына ат басын тіреді. Келген қонақтарды округ әкімі Нұрбек Зиедденов бастаған ауыл тұрғындары қарсы алды. Абылайханның ұстазы, ақын Сағынтай Бисенғалиев жүргізген шарада алғашқы сөзді жинақтың шығуына ұйытқы болған А.Қаршыға алып, ақынға шығармашылық табыстар тіледі.
  • w
  • Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Руслан Биманов құттықтау сөз сойледі.
  • Көршілес Индер аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин ақжарма тілегін жеткізіп, «Ақберен» ақындар мектебінің ұстазы Талап Таймасұлымен бірге кітаптың лентасын қиды.
  • Абылайханға және оның өнеріне деген құрметтерін жеткізген бастамашыл топ өкілдері жас ақынның өнеріне қанат бітірген бірден-бір қолдаушысы, анасы Нұрбақыт Бақытоваға камзол жауып, сыйлықтарын тарту етті.
  • Ауылдастар атынан сөз алған нағашысы Төремұрат Сақыпов Абылайханды қолдап-қолпаштап жүргендерге үлкен ризашылығы мен алғысын арнады: Ауылдас ақын ағасы Санат Мұхамбетжанов інісіне сиясы кеппеген өлеңін арнаса, қуанышын жасыра алмаған Абылайхан да келген қонақтар мен жинақтың шығуына зор көмегін тигізген жандарға алғысын толқи жеткізе отыра, жалындаған жырларын оқып берді.
  •  Жалпы Қадырқұлмен Дендер арасында әуелден рухани сабақтастық бар. Оған ақын Табылды Досымовпен осы ауылдың ақиығы Сағынтай Бисенғалиевтің талайға достықтары куә. Міне бүгінде сол ізгі жол жалғасын тауып жатыр.
  • Әсет ОРЫНҒАЛИ,
  • Ақжайық ауданы,
  • Қадырқұл ауыл

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521