Мереке құтты болсын!

Құрметті жерлестер! Тыл ардагерлері мен майдангер ұрпақтары! Сіздерді өлшеусіз даңқтың, өшпес қаһармандық ерлік пен жігердің нышанын білдіретін Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

«Ер – елінің қорғаны» деп бағалаған дана халқымыз үшін бұл күндердің орны да, орайы да бөлек. Отан үшін от кешкен сұрапыл жылдардың, егеменді еліміздің шежірелі тарихында алар орны ерекше. Ел басына күн туған кезеңде төзгісіз ауыртпалықтарды қайыспай көтеріп, елдің қамал-қорғаны болған абзал арыстарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз.

Сондықтан да, Отанымыздың Тәуелсіздігі жолындағы жеңімпаз ұрпақтың ерен ерлігі, жалындаған жігері мен өршіл рухына әрдайым тағзым етеміз! Ел тәуелсіздігін қорғап, егемендіктің сенімді сақшысы болуда аға буын салған ерлік жолы – бүгінгі бейбіт өмірдің күзетінде тұрған жас жауынгерлерге үлгі-өнеге екені айқын.

Ендеше, Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған Отан қорғаушылардың мәртебесі мен мерейі арта берсін! Қадірлі жерлестер! Осынау қос мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен татулық, әрбір шаңыраққа ырыс-береке тілеймін!

Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!

Құрметпен, Мейірім ҚАЛАУИ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521