Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал

Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа»,-деп ұлы Абай атамыз айтқандай күні кеше мектеп партасында отырып сусындаған шәкірттерміз таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр. Бұл жастар-ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, аға-апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Міне, осындай жастарымызды қолдау мақсатында Қалам Есқалиев атындағы орта мектебінде «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал» тақырыбында студенттермен кездесу кеші өткізілді.

Мақсаты: оқушы жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін, өзінің қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне дайындық білімділігін қалыптастыру; оқушының түрлі еңбек жағдайына араласуға деген тәрбиелік ұмтылысын қалыптастыру; оқушылардың шығармашылық,сауаттылық белсенділігін дамыту болатын. Кездесу кеші «Қызық times» бағдарламасының желісі негізінде ұйымдастырылды.

Шараға 8-11 сынып оқушылары түгел қатынасты. Кеш жүргізушісі 10 сынып оқушысы, оқу озаты Мұратова Амина Кәрімжанқызы. Шара барысында «Бос микрофон» әдісі бойынша студенттерге сұрақтар берілсе әрі қарай «Сөзді ойын» эстафетасымен жалғасты. Кездеудің үшінші бөлімінде «Студенттік өмір-игі өмірдің бастауы» тақырыбында студенттерге жағдаяттық сұрақтар беріліп, «Ақ тілектер» бөлімінде студент жастарымызға және мектеп бітіруші түлектерге мектеп ұстаздары атынан ақ тілектер жолданды.

Ж.Аймауытов айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық деген ізгі ниетпен кешімізді аяқтадық.

Абуова Назгул Серікқызы

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Индер ауданы

Есбол ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521