Қызылшаның қаупі сейілмей тұр

Елімізде, оның ішінде біздің облысымызда қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы күрделеніп отыр. 2023 жылдың 2 наурыз  -

2 қараша аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 1444 жағдай тіркелген. 941 жағдай зертханалық жолмен расталды.

Индер ауданында 2023 жылдың 10 айында қызылшаға күдікті 8 жағдай анықталды. Оның 4-і зертханалық жолмен расталып отыр. Аудан аумағында сырқаттанғандардың барлығы қызылшаға қарсы егілмегендер. 50 пайызы екпеге жасы жетпеген 1 жасқа дейінгі балалар болса, 50 пайызы екпеден бас тартқандар.

Қызылша – кез келген жастағы адамдар, әсіресе, егілмеген адамдар жиі сырқаттанатын жедел респираторлы вирусты инфекция. Ғылыми әдебиетттерге сүйенсек, 3 айға дейінгі балалар сирек ауыруы мүмкін. Өйткені олардың анасынан берілген иммунитеті қорғайды. Бұл жағдайда анасы қызылшаға қарсы егілген болуы шарт. 10 айдан асқан бала ауруға шалдығуға бейім келеді, себебі туа бітті иммунитеті әлсірейді. Сол себепті де қызылшаға қарсы алғашқы екпе 1 жасында салынады.  

Қызылша ауруының белгілеріне қысқаша тоқталатын болсақ. Қызылша ауа арқылы жұғатын ауру. Яғни науқас адам сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде немесе тыныс алғанда сау адам вирусты жұқтырады. Ауру белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін 7-21 күннен соң көріне бастайды. Аурудың негізгі белгілері: әлсіздік, шаршау, жылау, ұйқының бұзылуы, дене температурасының 38,5°C жоғары болуы, мұрын бітелуі, жөтел, көз жасаурау және жарыққа қарай алмау. Бұл белгілер басқа да тыныс инфекцияларына өте ұқсас болып келеді. Сондықтан көп адамдар немқұрайлылықпен дәріргерлік көмекке жүгінбейді. Бұл тұрғыда әрбір тұрғынға өзіңізде немесе балаңызда осы белгілер байқалса, дәрігерлік көмекке жүгіну арқылы, инфекцияны нақты анықтауға шақырамыз. Ойылған диагноз арқылы ем алу ауруды ерте анықтап, асқынуларды болдырмауға жол береді.

Қызылша ауруының негізгі белілері – ауыз қуысындағы дақты бөртпелер және денедегі бөртпелер.  Басқа да бөртпемен жүретін инфекциялық аурулардан айырмашылығы – қызылша кезінде бөртпелер сатылы түрде шығады, яғни беттен басталып, денені ңтөменгі бөлігіне ұласады.

Қызылшаның сойқандығы – оның асқынуларында. Атап айтқанда, баланың тыныс жолдары қабынады (ларингит, трахеит), ентікпе болады, тыныс жетіспейді, көз қабынады (конъюктивит), тіпті, соқырлыққа әкелуі мүмкін. Ең ауыр асқыну – панэнцефалит (мидағы қабыну). Бұл ақыл-ой кемістігі мен өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Соынмен қатар, пневмония, құлақ қабынуы, бауыр, бүйрек, жүрек ақаулары дамуы мүмкін. Яғни адам аурудан сауыққан күннің өзінде, асқынулар салдарынан көптеген мүшелер зақымданады.

Қызылшамен сырқаттанушылықтың алдын алуға болады. Ол әрине алдын ала егу арқылы. Біздің елімізде қызылшаға қарсы екпе 1 жас және 6 жастағы балаларға жүргізіледі. Бұл екпе Ұлттық күнтізбеге сәйкес тегін жүргізіледі.

Қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалының күрделенуіне орай, ақпан айынан бастап, қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстары ұйымдастырылып, жалғасуда. Осы тұрғыдан келгенде, қандай да бір себептермен осы уақытқа дейін егілмеген немесе екпеден бас тартқан

1 жастан - 30 жасқа дейінгі тұлғалар да қызылшаға қарсы тегін екпе ала алатындығын қаперлеріңізге береміз.

Қызылша инфекциясының қаншалықты зардабы мол ауру екендігін жоғарыда атап көрсеттік, ендеше, егілу арқылы өзіңізді де, өзгені де қорғауға шақырамыз. Бір ескертетін жайт, жоспарлы екпеден бас тарту тек өзіңіздің ғана емес, басқа да балалардың өміріне қауіп төндіреді!!!

 

Индер аудандық

Бас мемлекеттік саниатариялық дәрігері

А.Қосымбаева

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521