Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XIII кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты. Жиында өңірлік қауіпсіздік жағдайы жөнінде жан-жақты пікір алмасу болды. Тараптар ТМД аумағындағы сын-қатерлер мен қауіптерді және оған бірлесіп ден қою шараларын талқылады. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы әріптестерін еліміздің негізгі бағыттар бойынша ұстанымымен таныстырып, ынтымақтастықты дамыту жөнінде бірқатар ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, халықаралық террористік желілердің қызметін тоқтату, есірткі қылмысына және цифрлық активтермен операциялар салаларындағы теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен шараларды күшейту мәселелері қаралды. Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XIII кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты. Жиында өңірлік қауіпсіздік жағдайы жөнінде жан-жақты пікір алмасу болды. Тараптар ТМД аумағындағы сын-қатерлер мен қауіптерді және оған бірлесіп ден қою шараларын талқылады. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы әріптестерін еліміздің негізгі бағыттар бойынша ұстанымымен таныстырып, ынтымақтастықты дамыту жөнінде бірқатар ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, халықаралық террористік желілердің қызметін тоқтату, есірткі қылмысына және цифрлық активтермен операциялар салаларындағы теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен шараларды күшейту мәселелері қаралды.
Өңірлік қауіпсіздік жөнінде пікір алмасты
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Саясат
- Read Time: 1 min
- 10

