Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, жиында депутаттар бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Тақтатас мұнайын өндіруді ынталандырады Отырыста қаралған алғашқы үш заң жобасы өзара байланысты болғандықтан, ортақ баяндама жасалды. Олар Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер. Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген. Баяндамашы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобалары ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау нормаларын қамтиды. Одан кейін Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасындағы екі ел әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін әлеуетті дамытудың өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік жөніндегі меморандумды ратификациялау туралы» заң жобалары келіп түсті. Жоғарыда аталған құжаттарды депутаттар бірауыздан қолдап, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Артынша, жиында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екінші оқылымда қаралды.Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, жиында депутаттар бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Тақтатас мұнайын өндіруді ынталандырады Отырыста қаралған алғашқы үш заң жобасы өзара байланысты болғандықтан, ортақ баяндама жасалды. Олар Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер. Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген. Баяндамашы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобалары ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау нормаларын қамтиды. Одан кейін Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасындағы екі ел әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін әлеуетті дамытудың өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік жөніндегі меморандумды ратификациялау туралы» заң жобалары келіп түсті. Жоғарыда аталған құжаттарды депутаттар бірауыздан қолдап, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Артынша, жиында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екінші оқылымда қаралды. – Негізгі мақсат – аз зерттелген провинцияларда көмірсутектерді барлауға инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін барлау мен өндіруге басым құқық беру, сондай-ақ уран саласында мемлекеттің мүддесін қорғау. Заңның бір жаңалығы – ауыр және тақтатас мұнайы сияқты өндіруі қиын көмірсутектерді игеруді ынталандыру. Мұндай кендерді игеру қымбат технологиялар мен арнайы экономикалық жағдайларды талап етеді. Депутаттар осындай жобалар үшін жетілдірілген үлгілік келісімшарттың критерийлерін кеңейтуді ұсынды. Өйткені тиісті қолдау шараларынсыз бұл жобаларды іске асыру экономикалық жағынан тиімсіз болады. Үкімет бұл бастаманы қолдады. Бұл орта мерзімді перспективада Шығыс Қазақстан облысындағы Сарыбұлақ (ауыр мұнай) және Қызылорда облысындағы Қарағансай (тақтатас мұнайы) кен орындарын игеруге мүмкіндік береді. Олардың жиынтық алынатын мұнай қоры А,В,С1 + С2 санаты бойынша – 18,7 млн тонна, – деді заң жобасы жөнінен баяндама жасаған депутат Еділ Жаңбыршин.
Мәжіліс банк қызметі туралы заң жобасын мақұлдады
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Саясат
- Read Time: 1 min
- 12

